К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
6
ҚАНАТТЫ СӨЗ – ҚАЗЫНА
1-кітап
Аңыз, әңгіме, ертегілерді жинап, құрастырған, қанатты сөздердің мән-мағына-
сын түсіндірген Кеңес ОРАЗБЕКҰЛЫ ДҮЙСЕН.
«Қанатты сөз – қазына» – бұл кітапта халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты
сөздер мен тәлімді сөз тіркестерінің қалай, қайдан шыққанын ел аузындағы аңыз-әңгімелер
мен ертегілер, шешендік этюдтар арқылы көрнекі мысал ретінде кестелеп беруге тырыстық.
Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып ерте заманнан келе жатқанды-
қтан, мән-мағыналары мен жекелеген сөздері ескіріп, көмескіленіп, ұғынып-түсінуге қиындық
тудыратындай дәрежеге жеткен. Сол себептен, әр әңгіменің басында немесе соңында олардың
түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.
Туған тіліміздің көркем кестелері мен терең сыр-сипаттарын ұғынып-түсінуге ұмтылған
балаларға,
жастарға, көпшілік қауымға бұл кітаптың берер
қазына-байлығы аз болмас деп
ойлаймыз.
К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
7
Достарыңызбен бөлісу: