Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет9/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АҒАЙЫН АРАСЫН ЛАСТАМА
СЫРТТАН ӨСЕК АЙТЫП ДАТТАМА
Сүлеймен деген ағайын болыстықтан дәмесі болып Мәтжан бидің сыртынан күңкілдеп
сөз жүргізсе керек. Осындай алып-қашты сөзді сырттай естіген Мәтекең бір күні Сүлейменнің
үйіне келіп, «Осы мөрді бір ыңғайлы болса тапсырам деп ойлап қоямын. Бір ойым осы Сүлей-
меннен артық кім бар деп те қояды», – деп Мәтекең сөз бастайды. Сонда Сүлеймен: «Ойбай,
Мәтеке, айта көрмеңіз, мен тек отбасынікімін ғой. Ортаға түссем бүрісіп-тырысып қаламын
ғой», – деп ақталыпты.
Сонда Сүлекеңе қарап: «Ағайын арасын ластама, Сырттан өсек айтып даттама», – деп
жеңілауыздығын бетіне басқан екен.
Ағайын арасына от салып, бір-біріне айдап салып, шағылыстырма, ұрыстырма. Олар-
дың сыртынан өсек – сыпсың сөз айтып, бір-біріне жамандама. Одан саған пайда түспейді,
осы ерсі істерің ертелі-кеш жұрт құлағына жетіп, жаманатты боласың деген астарлы ой
жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет