К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
17
соң, сонда қалып қояды. Келесі жылы Қотан би Ақжол (Болат деп те айтылады) деген бала-
сының жанына жүз жігіт қосып аттандырған екен, ол да Алашаның жанында қалып қояды.
Қотан би үшінші жылы Алшын деген кіші ұлының жанына жүз жігіт қосып аттандырса, олар
да қайтпапты.
Сөйтіп, Алашаға келіп қосылған үш жүз жігіт үлкен күшке айналып, төңірегіне ықпалын
жүргізіп, өсіп-өнеді. Алаша хан болып, қарауындағы ел Алаш жұрты атанады. Алаш жұрты
өсіп-өне келе Үйсін бастаған жүз жігіттің әулеттері – Ұлы жүз, Ақжол бастаған жүз жігіттің
әулеттері – Орта жүз, Алшын бастаған жүз жігіттің әулеттері – Кіші жүз болып белгіленеді.
Қазақ арасында күні бүгінге дейін айтылатын «Алаш – Алаш болғанда, ала тай ат болғанда,
таңбасыз тай, енсіз қой болғанда, Алаша хан болғанда» деп басталатын қария сөз сол заманнан
жетсе керек.
Достарыңызбен бөлісу: