Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет23/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АЛМА ПІС, АУЗЫМА ТҮС
Бұл сөз ойлаған ойым, тілегім өзінен өзі іске асып, орындалып жатса екен деп, еңбек,
әрекеттен қашқан адамдарды сынағанда айтылады.
Баяғыда екі жалқау болыпты. Жалқаулықтары сонша, тіпті, еріндерін қимылдатуға да
ерінеді екен.
Күндерде бір күні, екеуі алма ағашы түбінде жатқанда, бірінің көзі алмаға түседі.
– Алма піс, аузыма түс! – дейді. Екіншісі оған:
– Ерінбей, жалықпай соны қалай айттың? – деп ренжиді…
«Алма піс, аузыма түс», – деген сөз содан қалыпты.
АЛПЫС ЕКІ АЙЛАЛЫ
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде түлкіден қу хайуан жоқ деп есептеледі. Аңшылар
аузында көп кезігетін аңыз-әңгімелердің бірінде түлкі: «Менің алпыс айлам бар, ал адамның


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
18
алпыс бір айласы бар. Сол бір айласының артықтығы ғой, олардың қанжығасынан менің басым
көп көрінеді», – депті-мыс.
Ал тілімізде кездесетін «Алпыс екі айлалы» деген сөз тіркесі қандай да бір жанның,
кісінің бойындағы қулық-сұмдық, айлакерлік қасиеттерін әсірелеп, өсіріп айтқанынан пайда
болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет