Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АСТЫНДАҒЫ АТЫН АЛТЫ АЙ ІЗДЕПТІ



Pdf көрінісі
бет44/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АСТЫНДАҒЫ АТЫН АЛТЫ АЙ ІЗДЕПТІ
(Екінші нұсқасы)
Ертеректе Қасым деген бай болыпты. Сол кісі бірде қырық шақты жылқысын базарға
пұлдап қайтпақшы болып, «Қоянды» жәрмеңкесіне жол тартыпты. Айдап бара жатқан өзі
мінген атын қосқанда қырық жылқы еді. Базарға барған соң, 39 жылқысын сатады. Елден
40 жылқымен шыққан кісі: «Ау, бір жылқым қайда?» – деп таң қалады.
Ол кезде «Қоянды» жәрмеңкесіне 2—3 ай жол жүріп жететін. Еліне 2—3 айдан соң ора-
лып, сатуға апарған жылқысының біреуі кем болғанын әңгімелеп отырады. Ауылдастарының
бірі: «Ағасы, атыңыздың белгісі қандай?» – деп сұрайды. Ол: «Жирен қасқа ат еді», – дейді.
Інісі: «Аға, сіз сол жәрмеңкеге не мініп барып қайтып едіңіз?» – деп сұрайды. Сонда ғана
өзінің мініп жүргені сол жирен қасқа ат екенін біліп, санын бір-ақ соққан екен.
«Астындағы атын алты ай іздепті» – деген қанатты сөз содан қалса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет