К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
28
– Менің тамағым неге басқалардікі сияқты дәмді емес, —деп ашуланады. Сонда бұл
сұраққа қызы жауап береді: «Астың дәмін қант пен бал емес, тұз келтіреді, әке», —дейді.
Сонда барып әкесі өз қателігін түсініп, қызынан кешірім сұраған екен.
Бұл жерде халық астың дәмін тұз келтірсе, үйдің сәнін қыз келтіреді деген ойға әкеп
тіреп тұр. Иә шынында үйді сыпырып-сиырып, жинап, тазалап, ретке келтіріп, үйдің сәні
мен әрін ашып отыратын қыз баласы емес пе. Ел арасында бұл мақалдың «Астың дәмін
келтірген тұз әулие, елдің сәнін келтірген
–
қыз әулие» деген нұсқасы да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: