АСЫҢ ТҮГІЛІ, ТАБАҒЫҢ ҚАЙДА?! Бұл сөз тіркесі «болар іс болып, бояуы сіңді, баяғыда қайда қалдың?!» -деген мағынада қолдынылады. Қазақта астан кейін ет пен қамырды турап, нарын жасайтын әдеті. Сол дағды бойынша,
үлкендер ет пен қамырды турайды. Үйдің бәйбішесі жас келінге табақты беріп:
– Сырттан үстіне сорпа құйып әкел, – деп жұмсайды. Дала қараңғы, ай тумаған екен.
Келін сыртқа шыға бере сүрініп құлап, табағы «сатыр-сұтыр» ете қалады. Үйден енесі дауы-
стап:
– Ой-бу-уй, жолда бұзау жатыр еді, асыңа абай бол! – деген екен, келіні:
– Асың түгілі, табағың қайда?! – деп қойып қалыпты. Сөйтсе, бұзауға сүрініп жығы-
лғанда, табағы ұшып кетіп, соны таба алмай сипалаңдап жүр екен.