К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
30
АТ – ЕР ҚАНАТЫ
Ұлы Алла Адам атаны жәннаттан шығарып, жерге түсірген кезде оны төрт көзі бар,
қанатты пыраққа мінгізген екен. Адам ата жерге түскенде, бойын үрей билейді. Бейтаныс
мекен көзіне жат көрінеді. Қорыққаннан пырақтың мойнынан құшақтап алып жібермей
қояды. Бірақ пырақтар қайтадан жәннатқа көтерілмек болады. Сол кезде Адам ата аттың қанат-
тарын қырқып тастайды. Пырақтар не істерін білмейді. Сол кезде Алладан:
– Адамның жүрсе, қанаты, жау тисе, қорғаны бол. Адамға қызмет ет, – деген бұй-
рық келеді. Ат амалсыз жерде қалады. Бұрынғы қанатындағы күш-қайраты оның аяқтарына
ауысады. Бастапқыда ат жерге үйрене алмай, жәннатты аңсап жылай берген екен. Күні-түні
жылағаннан төрт көзінің екеуі суалып, көрмей қалады. Аттың маңдайындағы көзге ұқсас
шұңқырлар құрғап қалған жанардың орны екен. Содан бастап ат адамның ажырамас серігіне
айналады. «Ат – ердің қанаты» деген мәтел осыдан қалған екен.
Көшпелі дәуірде ат, жылқы деген атаулар қазақ даласының екінші есіміндей болып кет-
кен еді. Кең байтақ даланы меңгеру үшін, құс қанаты талатын қашықтықты қаусыру үшін
тек аттың ғана жалы мен белі, тұяғындағы желі керек болды. Тарихтағы қиян-кескі жоры-
қтар, дала үшін ұзақ қан төгіс қырғындар ат арқасында өткен. Қысқасы, қазақтың екі
сөзінің бірі – ат туралы болатын. Содан да болар, халқымыз «Ат – ер
Жая* – жылқының сауыр еті.
қанаты», «Ат жетпейтін жер жоқ», «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар», «Ат
сүрінбей жер танымас», «Ат тұяғын тай басар» дегендей көптеген мән-мағыналы қанатты
сөздер қалдырған.
Достарыңызбен бөлісу: