К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
31
Атақты Қарашаш анамыз сол қыз екен. Жиреншенің «Атадан баланың бағы асып тууы
мүмкін, ал ақылы ширек те болса кем туады» деген сөзі содан қалыпты.
Халықтың жорамалы бойынша, Жиренше шешеннің әкесі де сөзден қаражаяу болмаған
екен.
АТА ҚАРҒЫСЫ ОҚ
Ілгері заманда дүниеде жоқ бай болыпты. Бірақ оның баласы болмайды. Жаратқанға
жалынып,
сыйынбаған мазары, бармаған жері қалмай жүріп, жасы жетпіске таяп қалғанда
жалғыз ұл көреді. Баласы жастайынан елдің тілін алмайды, өзінің білетінін істеп, теріс болып
өседі. Ата-анасы басқа қылар айласын таппайды. Ақыры атасы, «құс болып, ұлып қал, ұяң
таста болсын», – деп қарғайды. Атадан қарғыс алған жалғыз бала «Байұлы» деген құсқа айна-
лып қалған екен. «Ата қарғысы оқ» – деген сөз қалған екен елде.
Ілегіргі замандарда ата, әке қарғысы – ең ауыр, зардапты жазалардың бірінен
саналған. Халық сенімі бойынша мұндай қарғыс арқалаған адам ерте ме, кеш пе бір қауіп-
қатерге жолығады немесе өмірде жолы болмайды. Сондықтан есі бар әрбір ұл-қыз ата-ана
қарғысына ұшырайтын теріс қылық-әрекеттерге бармаған. Ата-анасын мейлінше сыйлап,
құрметтеп, олардың ұстанған пікір, көзқарастарына қарсы келе бермеген.
Бүгінгі күндері де сол дәстүр маңызын жойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: