Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АТ АЙНАЛЫП ҚАЗЫҒЫН ТАБАДЫ



Pdf көрінісі
бет49/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АТ АЙНАЛЫП ҚАЗЫҒЫН ТАБАДЫ
Николай заманында Жетісу елінің атақты байы бір жылы жәрмеңкеде өзінің кекселеу
болып қалған жүйрік айғырын үйірімен Әндіжаннан келген (Өзбекстандағы қала, елді-мекен)
саудагерге сатып жібереді. Сол айғырдың жеке өзін келесі жылы жазда жайлауға шыққан мал-
шылар «Мыңжылқы» өңірінен көріп қалып, байға хабар береді. «Қайтқан малда береке», – деп
бай айғырды ұстап алып, мойнынан құшақтап, маңдайынан сүйіп тұрып, көзіне жас алады.
Өйткені, ол айғырдың Әндіжан жерінен осы «Қарқараға» жеткенше бір жылдай уақытта қан-
дай қиыншылық көргенін ұғыну оңай емес еді. Үйірін айдап шығып, айырылып қалды ма,
немесе жеке өзі қашып шықты ма, ол жағы беймәлім. Әйтеуір қуғынды көп көрген сияқты,
атты адамды алыстан көргеннен қаша беретін, денесінің тілім-тілім болмаған жері аз, не болса
да көп қиындықпен жеткен. «Жылқы жершіл», «Ат айналып қазығын табады» деп халқымыз
бекер айтпаса керек. Жақсы жылқы басы бос болса, қандай қашықтықта болмасын туып-өскен
жеріне тарта береді, жануарлардың есі анау-мынау адамнан кем болмайды.
Бай содан кейін ол айғырды өз қолынан шығармай, үйірге қосып жүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет