Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет56/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АТАН БОЛСА СОЙЫЛАР,
АТАМ ӨЛСЕ ҚОЙЫЛАР,
МҰНДАЙ ҚАНСОНАР КҮНДЕ ҚАЙДАН ТАБЫЛАР
«Аң дегенде жай адамдар да елең ете қалады. Ал аңшылар аң дегенді естігенде,
ішкен асын жерге қойып тыңдайтындар ғой. Аң аулау маусымында аңшылар күндіз күлкі,
түнде ұйқы көрмей жорытады. Талайы аң аулаудан байиды. Ішіп-жеп, игілігін көреді. Аң
аулап, серуен-салтанат құрып, рақаттанады. Талайының бағы шаппай, ыңыршағы шығады. Аң
соңында жүріп мертігеді, өледі. Өйткені, ертеректе аң қызығы ең үлкен, ең тамаша қызықтың,
серуен-салтанаттың бір түрі болғаны рас. ХІХ ғасырдың аяқ шенінде Тарбағатай төңірегін
мекен еткен атақты Былғақ деген адам қан сонар күні аңға шығайын деп жатқанда, атасы
(әкесі) қайтыс болады. Соған қарамастан аңға аттанғалы жатқан Былғаққа ел-ағайын: «Ойбай-
ау, мынауың не?» – десе, «Атан болса сойылар, атам өлсе қойылар, мұндай қан сонар күнде
қайдан табылар», – деп Былғақ тентек шаба жөніліпті. («Саят»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет