Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АШКӨЗДІК КІМГЕ АБЫРОЙ ӘПЕРГЕН



Pdf көрінісі
бет64/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АШКӨЗДІК КІМГЕ АБЫРОЙ ӘПЕРГЕН
Қанша құйса да толмайтын шыңырау сияқты, дүние қусаң, түбіне жетпейсің. Сол
дүниеқоңыздықпен жүріп, өзіңнің де адамдықтан шығып, тұңғиыққа батып кеткеніңді біл-
мей қаласың. Абырой таппайсың, деген ойды білдіреді.
Баяғы заманда ағайынды үш жігіт болыпты. Бір күні үшеуі сапар шегіп келе жатып, бір
қап алтын тауып алыпты. Бөліп алмақ болып, базарға келіпті. Бір шетке жайғасыпты да, екі
ағасы інісін қымыз әкелуге жұмсапты.
– Олжамызға ортақтастырмай, бұл сұмды өлтіріп тастайық, – десіпті екеуі інісі кетісімен.
Інісі қымыз алып, қайтып оралғанда, екеуі тап береді де, әп-сәтте шаруасын тындырады.
Сөйтіп қымызға бас қояды.
Бір уақытта екі ағасының іштері ауырып, сол жерде жан тапсырады. Сөйтсе інісі: «Мен
екі ағамды өлтірсем, бір қап алтын түгел өзіме қалады» деп, қымызға у салып әкелген екен.
Үшеуі де сол жерде жан тапсырып, бір қап алтын далада қалыпты. «Ашкөздік кімге абырой
әперген».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет