АШ БӘЛЕДЕН ҚАШ БӘЛЕ
Күздің сары тамыз күнінде Тілеміс шешен үш-төрт жолдасымен бір байдың үйіне түседі.
Бай үйі мал соймай, шай қоймай, анау- мынаумен айналысқансып жүріп алады. Сонда Тілеміс
оң жақтағы жолдасының кеудесінен періп жібереді де:
– Тамақсау ит-ау, жүрегің үзіліп бара ма? Келгеніміз осы ғой, қолдары да тимей жатыр.
Асықпасаң қозы да сойылады, шай да қойылады… – деп жатқандарын естіген бай балалары :
– Қонақтар төбелесіп жатыр, – деп шешелеріне, әйелі байға айтады. Тілемістің сырын
білетін бай сезе қойып, «аш бәледен, қаш бәле» деген деп, мал да сояды, май да, шай да қояды.
Барын беріп күтіп жібереді.
Бәлеқор, бұзық адамдармен дос, жолдас болма, ондай адамдардың жанына жолама,
бәледен аулақ жүр немесе бастан құлақ садақа деген мағыналарда ұғынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |