ӘЗІЛІҢ ЖАРАССА, АТАҢМЕН ОЙНА Өкей өзінің туған әкесімен де қатты қалжыңдасатын. Бірде ол әкесімен бірге дастарқанға
отырып әйеліне «сорпа әкел» дейді. Сорпа өте ыстық болса керек. Өкей алдымен өзі ұрттап
көреді де, әкесіне беріп жатып, әйеліне:
– Мына сорпаң сап-салқын ғой, әйтеуір ісің бір оңбайды, – деп ренжіген
сыңай танытады. Мұны естіп отырған әкесі сорпаны қаттырақ ұрттап қалып, аузын күй-
діріп алады. Біресе ашуланып, біресе күліп, не істерін білмей қалған әкесіне:
– Апыр-ай, осынша жасқа келгенде, бала сиқты мұныңыз не, байқамайсыз ба? – деп
«ақыл» айтыпты.
Әзілің жарасса, дос-жаран, қатарластарыңмен ғана емес, үлкен-кішімен де ойнауға, қалжыңдасуға болады деген ойды береді.