К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
41
түңіледі. Сол кезде әкесінің баяғыда айтқан ақылы, ең соңғы өсиеті есіне түседі. «Қой, былай
қор болғанымша, асылып өлейін», – дейді. Арқан алып, әкесі дайындап кеткен ағашқа арқанды
байлап, мойнына салып, өзін төмен тастап жібергенде, ағаш морт сыныпты. Сонда ағаштың
арасынан алтын ақшалар сауылдап төгіліпті. Сөйтсе, әкесі өлердің алдында ағаштың ішіне көп
ақша тығып, оның арасын білдірмей аралап қойған екен.
Одан кейін жігіт өз қателігін түсініпті. Дүниені босқа шашқанын қойып, жұмыс істеп,
еңбек етіп,
бай-бақуат, дәулетті өмір кешіпті.
Әке ақылы – өмірлік тәжірбиеден өткен, көрген-түйгені мол ақыл. Әке ақылы ада-
стырмайды, адасқанды түзу жолға салады. Сондықтан балалардың әке ақылын тыңдап
өскені жөн.
Достарыңызбен бөлісу: