Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет74/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

ӘКЕНІҢ КӨҢІЛІ БАЛАДА,
БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ ДАЛАДА
Бұл мақал көбінесе «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деп айтылады. Бала
ата-ананың қалауынсыз, рұқсатынсыз іс-қылық көрсеткенде немесе күткен тілек, сенім-
дерін ақтамаған жағдайда үлкендердің аузына осы нақыл оралады.
Қалада оқу оқитын баласының аман-саулығын біле келген қария:
– Балам, көрдің бе, жұрт әне аялдамада да қағаз жазып отыр. Сен ақша керек болып
қалғанда болмаса, «қол тимейді» деп, амандығыңды да білдірмейсің. Бәрінен де бұрын салған
ақшаны алған-алмағаныңды біле алмай дал боламыз…
– Әке, сол салған ақшаң өзіңе қайтып бармады-ақ, мені аман екен деп санай бер, – дейді
баласы.
Әке басын шайқап: «Әкенің көңілі балада, баланың көңілі далада» деген осы екен-ау, –
дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет