Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


ӘР ҚАЗАННЫҢ ҚАҚПАҒЫ ӨЗІНЕ ШАҚ БОЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет82/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

ӘР ҚАЗАННЫҢ ҚАҚПАҒЫ ӨЗІНЕ ШАҚ БОЛАДЫ
Шешеннің суық қолды бір жеңгесі көрші қонған үйдің боздау түндігін ұрлап алып, өзінің
қараша шаңырағына көтеріп алады. Ұрлықты сезіп қойған мүлік иесі одан әрі-бері сұраса бер-
мейді. Ақыры Бөлтірікке келеді. Шешен жеңгесінің үйіне келіп, шаңыраққа қарап:
– Жыртығына жамауың сай келмей тұр екен, жеңеше. Әр қазанның қақпағы өзіне шақ
болады, – депті.
Адамның өзі араласатын ортасы, отбасы мүшелерінің мінез-қасиеттері, киген киім-
дері өзіне шақ, лайықты болады дегені.
ӘРКІМНІҢ СҮЙГЕН ЖАРЫ ӨЗІНЕ СҰҢҚАР
Бұл – «Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу» деген мақалмен сабақтас қанатты сөз.
Бір жолы Сырым батыр алыс сапардан ауылын сағынып келе жатып серіктеріне:
– Кәне, жігіттер, қаттырақ жүріңдер. Бүгін ауылға жете қонайық, – дейді. Оған жол-
дастары күліп:
– Үйіне басқа жігіт асықса, дұрыс, ал осы Сырым қайбір бүлдіршіндей келіншегіне асы-
ғып келеді екен? – деп қағытады. Сонда Сырым батыр:
«Әйелді әйел деп қорсынбаңдар,
Әйелсіз ерге күн бітпейді.
Қойды қой деп қомсыңбаңдар,
Қойсыз елге үй бітпейді.
Әркімнің мінген аты өзіне тұлпар,
Әркімнің сүйген жары өзіне сұңқар», – деп желе жөнеліпті.


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет