ӘЛІМНІҢ ҮЛКЕНІ ДЕ – ҚАРАКЕСЕК, КІШІСІ ДЕ – ҚАРАКЕСЕК Қыдырқожаның (Байұлы) лақап аты «Қаракесек» екен. Сол Қыдырқожаның Бәйбі- шесі Тоқсұлудан – Байсары туған. Тоқсұлу дүние салған соң, балдызы Қағазға үйленіп, одан – Әлім, Шөмен туған. Осылардың Әлімінен – Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төр- тқара), Қарасақал (Айнық, Тегінболат), Ұланақ (Қаракесек), Кете (Бозаншар, Тайқожа, Түменқожа), Шөмекей туған. «Алты ата – әлім» деп көбінесе осылай таратады. Енді осылардың Ұланағы неге атасының есімімен «Қаракесек» аталуына
келейік. Қария сөздің айтуында Қаракесек өзінің немересі Ұланақты бауырына салып,
оны «Сасықбайым», «Күлтелі сасығым» деп еркелетеді екен. Ұланақ та өз әкесі Әлімді мой-
ындамай, атасы Қаракесектің баласымын деп өссе керек. Күндердің күнінде Қаракесек қайтыс
болып, Ұланақ шаңырақ иесі болып қалады. Былайғы жұрт бұл шаңырақты бұрынға әдеті-
мен «Қаракесектің үйі» деп атай береді. Бара-бара Ұланақты да «Қаракесек» деп атайтын әдет
қалыптасады. Ұланақтың «Қаракесек»
аталуының себебі осыдан еді дейді. Күні бүгінге дейін әлім ішінде «Әлімнің үлкені де –
Қаракесек, кішісі де – Қаракесек» деп айтылатын
мәтел сөздің мәнісі осында болса керек.