Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


ӘЛШЕКЕЙДІҢ ӘЛПЕШКЕ САЛҒАН БІЛЕЗІГІНДЕЙ ЕКЕН



Pdf көрінісі
бет77/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

ӘЛШЕКЕЙДІҢ ӘЛПЕШКЕ САЛҒАН БІЛЕЗІГІНДЕЙ ЕКЕН
Шойнақ батырдың (ХVIII-ғасырда өмір сүрген) екі қызы болыпты. Солардың біріне
Албандар, екіншісіне Дулаттар құда түседі.
Дулат биі Әлшекей құдалық жолын жасау орнына көп әскер әкеліп қыр көрсетіп, Шой-
нақтың ауылы маңына келіп, кернейлетіп, сырнайлатып жатып алады. Бұған ызаланған Шой-
нақ майдан ашайын десе, елден ұялып, Әлпеш деген жеңгесін Әлшекейге жібереді.
– Әлшекейге баршы. Жолын істемей, алшаңдап бұл не жатысы? Хабарын әкел, – дейді.
Әлпеш сәңқой әйел екен. Ол басқаны қойып, тіпті атының аяғына да білезік салғызып,
жүреді екен. Ол биге келіп, аттан түспей:
– Уа, Әлшекей, әкең ұл болып, шешең қыз болып көрмеді ме? Бұл не жатысың? Жолың
қайда? – деп айқай салады.
Шойнақтың жеңгесі астына мінген атының төрт аяғына түгел алтын білезік салып келіп
тұрғанын көрген Әлшекей «бұлардан біз кем бе едік?» деп намыстанып, Әлпешті бар сыр-
сипатымен күтіп алып, құдалық жолын екі-үш есе істеп, Әлпештің атының мойнына да білезік


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
43
салып, құрметтеп аттандырыпты. Ел аузындағы «Әлшекейдің Әлпешке салған білезігіндей
екен» деген әңгіме осыдан қалса керек.
Ұсынылған не, сыйланған заттың елден ерекшелігін, қораш немесе епетейсіздігін күлкі
етіп сынаған жағдайда айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет