БАҚ ҚАЙДА БАРАСЫҢ – ЫНТЫМАҚҚА БАРАМЫН
Өзара
ынтымақты, тату, сыйластығы жарасқан отбасының береке-бірлігі де мызғы-
майды, ырысы молайып, бақ-дәулеті артады, деген мағынаны береді.
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады.
Бірде Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келген Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі
жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай бол-
мақ», дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық
алдырады.
– Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
– Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?
Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп оп-оңай сындырып береді. Әнет
баба:
– Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.
Сонда Төле бала:
– Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: Ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау
да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, «бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да
оп-оңай алады» дегеніңіз ғой.
– Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа
шақыра біл. «Бақ қайда барасың – ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, – депті.
Достарыңызбен бөлісу: |