БАЛА ӨСІРСЕҢ, ШАЛА ӨСІРМЕ Баланы ешкімнен кем қылмай ішіндіріп, киіндіріп, тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай, мәпелеп өсіріп келем, енді одан артық не керек деп, оның тәрбиесіне көңіл бөл- мейтін немесе немқұрайлы қарайтын ата-аналарға балаңды шала өсірме, оның тәрбиесіне, рухани жан-дүниесіне де ден қой дегенге меңзейді. Қабыланның* күшігі қызылшақа, әлсіз болып туылыпты. Оны көрген аю, жолбарыстар
«Сен бала емес, құбыжық таптың» деп мазақтай беріпті. Аңдардың келемежіне намыстанған
қабылан тау шатқалындағы аңойнақтан безіп, мал өрісін сағалап жүреді екен.
Бір күні мал соңында қозысын емірене жалап тұрған қара саулыққа кез келіпті.
Құлақтары салпиып, аяқтары маймиып тұрған кішкентай қозыны көрген қабылан:
– Ей, қоңыр қой, момын қой,
Мұндай бала сорың ғой.
Жаламасаң жетпей ме,
Өзі жүріп кетпей ме? —
деп сөгіпті. Сонда қара саулық айтыпты:
– Сылап—сипап қарамасаң,
Жас кезінде жаламасаң,
Еміреніп емізбесең,
Жемге үйретіп жегізбесең,
Бала қайтіп оңады,
Қалай өсіп толады?
Бұл сөзге ойланып қалған қабылан өз басындағы мұңын айтып, қара қойдан ақыл
сұрапты.
– Атым – қабылан, затым – аң, атамыз – арыстан, нағашымыз – жолбарыс, ағайынымыз –
барыс. Бәріміз де мықты едік. Алайда осы бір балам қортық болып туылды. Мазақтан өлер
болдым. Сен адамға жақынсың ғой, бір ақылын айтпайсың ба? – депті.
Қара саулық та қабыланның алғашқы кездегі тәкаппарсына сөйлегеніне қарай:
– Сіздің бойыңыз үлкен болса да, ойыңыз өспеген тәрізді. Баланы табуды білген жан-
жануар оны бағып-қағып, мәпелеп өсіруді де білуге міндетті.
«Бала өсірсең, шала өсірме» дейді шопандар. Балам жақсы болып өссін десең, көп жала,
көп қара. Көп жаласаң —жүн бітеді, көп қарасаң – сын бітеді. Ең әлсіз де нашар бала – құстар-
дың тұқымы. Олар жұмыртқаның ішінде кілегей уыз болып жатады. Ерінбей шайқап, жалық-
пай басқан құстар сол шаранадан балапан ұшырады. Мысық екеш мысық та соқырына* мей-
ірлене қарап, мекірене жалап өсіреді, – депті.
К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
48
Қара саулықтан кеңес алған қабыланның сол баласы мысық сияқты тарғыл, кішілеу
болғанымен, күшті, жүйрік, көреген және епті болып ер жетіпті. Сілеусін дейтін аң осы қабы-
ланның баласы болса керек дейді қарттар. «Бала өсірсең, шала өсірме» деген сөз содан қалса
керек.
Қабылан* – жолбарыстан кішілеу, шұбар түсті жыртқыш аң. Соқыр* – мысықтың қызылшақа баласы.