Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет81/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА,
ИТТЕРІ ҚАРА ҚАСҚА
Таңдайбай деген қу серіктерімен келе жатып, бір үйге түседі. Үйде бәйбіше мен келіні
ғана бар екен. Қария қонақтарға сырмақ сал дейді. Таңдайбайды таныған кесір келін сырмақты
қабаттап, тұйық жағын* отқа қаратып сала қояды. Таңдайбай малдасын құра төрге қарап
отыра кетеді. Көптің ішінде теріс қарап отырған адамға таңданған кемпір:
– Мұның не? —десе:
Тұйық жағын* – қазақ халқының салты бойынша, астыға төсейтін сырмақ, көрпе-
шелердің тұйық, бүктелген жағын іргеге яғни, қонақтың артына қаратып төсеген. Ашық
жағы қонақтың жолы ашық болсын деп, алдына қаратылған.
Дастарқанды да үлкен болып, екі бүктеп жайған жағдайда, тұйық жағын сыйлы
қонаққа қаратып қояды.
– Шеше, әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа деген ғой. Сіздің елдің салтын сыйлап
отырмын, – депті.
Әр елдің салт-дәстүрі, әдет-жоралғысы басқа, өз еліңнен өзгеше болатыны белгілі.
Тіпті бір елдің құрамындағы әр өлкенің де салт-жоралары өзгешелеу, өз еліңмен салысты-
рғанда, ерсілеу болатыны бар. Мақал сондай жағдайдан туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет