ӘЛІ АУЫ МЕН БАУЫ БАР
«Еш нәрсе бітірмей, құр далбаңдап жүрміз, негізгі іс әлі алда» деген мағынада айты-
лады.
Ертеде бір арсың-гүрсің олақ әйел болыпты. Ол бірде көршісімен әңгімелесіп отырып:
Алты күн болды, дамбал тігіп жатырмын. Әлі ауы мен бауы бар. Желмін бе, құзбын ба? –
деп бөсіпті.
Алты күн дегенде «әлі ауы мен бауы бар болса», сонда ол не бітірген?!
ӘЛІ НЕСІН КӨРІПСІҢ,
ҚЫЛ ТАҚҚАН СОҢ ҚАҢҚЫЛДАР
«Бұл – әлі бер жағы, түгел біткенін немесе нағыз өзін көрсең аузың ашылар еді», деген
ойды бейнелеп айтқанда осы көз тіркесі қолданылады.
Ағаш шеберінің жасап жатқан затына сүйсінген біреу:
– Ой, мынауың не деген тамаша дүние?! Жұп-жұмыр болып жұтынып тұр ғой өзі! –
депті. Сонда шебер сырбаздықпен:
– Әлі несін көріпсің, қыл таққан соң қаңқылдар, – деп, жымыңдапты. Сөйтсе ол дүниесі
жартылай жонылған қобыз екен.
Достарыңызбен бөлісу: |