К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
47
ескі шапан, жыртық қалпақ киген оны жұрт менсінбепті. Бақ ат жақты келген, қасының түк-
тері көзіне түсіп, көп нәрсені көрмейді екен. Айналасындағы у-шуды түсінбей:
– Мына шуылдақтар кімдер? – деп қалың қасын жалп еткізіп, басын жоғары көтеріп
қалғанда, қыр басындағы кемтар қызға көзі түсіпті. Оны көрген Қыдыр ақ таяғын кемтар қызға
қарата нұсқайды да, қаумалаған көпшілікке:
– Бақ қарамаса, мен дарымаймын. Бүгін бақтың көзі қырдың басында тұрған қызға түсті.
Сендер бақтың киімін қомсынбай, соған жақындағанда, мен сендерге назар салар едім, – дейді
де, Бақ екеуі көзден ғайып болады.
Бақ қарап, Қыдыр дарыған кемтар қыз ауруынан сол сәтте сауығады. Артынша тұрмысқа
шығып, үйлі-баранды болған екен. Алла бір
басына жететін дәулет беріп, мұратына жетіпті.
Ел арасында «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деген тәмсіл осыдан қалған екен.
Бата, тілек құрамында көп кездеседі, ырыс-несібелі, бай-дәулетті, жолың болсын,
мақсат-мұратыңа жет деген жақсы лебіздердің жиынтық-түйіні іспетті.
Достарыңызбен бөлісу: