К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
39
сып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп,
бағыт береді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда
Майқы би оларға былай депті:
Билер бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
Әзір сөзімде болмас бұрыс.
Ақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ.
Орынсыз ауыз ашсаң,
Екі би басарсың шоқ.
Аяз би, әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл…
«Аяз би» ертегі аңызында «Аяз би әділ болды. Тура билік ететін еді. Нашарларға қарасты.
Баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының маңдайшасына шегелеп қойды.
Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тымағы мен тонына
қарап: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды
біл!» – деп көңілін басушы еді дейді.
Бұл мақалда қолым билікке, тақ-мансапқа жетті деп, асып-таспа. Өз қалпыңа,
сабаңа түс. Алды-артыңа қарап сөйле. Өз әліңді, жолыңды, жөніңді біл деген ой, қағида
жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: