К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
38
шығармапты. Бір күндері қонжық бала тауыпты. Ол аяқтанып, өзіне-өзі келген соң, баласын
ертіп, үңгірден шығуға рұқсат беріпті.
Қызы жоғалған хан уәзірлерін бүкіл даланы шарлап, тау-тасты, сай-саланы кезіп іздейді.
Қызы өлді дегенге және қимайды. «Өлсе, неге өлігі шықпайды?» – деп табаны таусыла іздеу
салуын тоқтатпайды. Бір күні уәзірлері:
– Хан ием, жыл артынан жыл өтті. Екі жыл болды, бір тынымсыз іздестірудеміз. Енді
біраз көңіл сергітіңіз. Жаныңызға жігіттерді алып, аңға шығып, серуендеп қайтыңыз. Өзіміз-ақ
іздестіруді жалғастыра берейік, – дейді. Хан келісіп, аңға шығады. Саятта жүргенде ағаш ара-
сынан қызы
мен аю немересін көріп қалып, сарайына алып келеді.
Үйіне келіп, мауқын басып біраз жүрген соң қыз:
Аю, аю, аю еді,
Аю да
болса, байым еді.
Үңгір, үңгір, үңгір еді.
Үңгір де болса, үйім еді, – мен қайтайын, – деп, әкесінен қоярда-қоймай рұқсат сұрап,
келген жеріне қайтып кетіпті.
Достарыңызбен бөлісу: