Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет67/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АЯҒЫҢНАН СҮРІНСЕҢ ДЕ,
АУЗЫҢНАН СҮРІНБЕ
Бұл жерде іс-әрекетіңмен қапы қалсаң да, сөзіңнен есе жіберме деген ойды айтып тұр.
Өткен ғасырда аға сұлтан болған Сандыбайдың Ердені найман Бәтеш деген жігітті өзінің
үйінде қымызмұрындыққа жиналған жұртқа мақтап: «Осы жігіт елдің жағдайын ойлайды,
халқының қажетіне жарайды», – деп отырса керек.
Сол кезде Бәтеш атынан түсіп келе жатыр екен. Сонда Ерденнің мақтаған жігітін сынап
көрейік деген кісілер табалдырықтан бір сүйем жоғары жіп керіп қойыпты. Қаперінде ештеңе
жоқ Бәтеш:
– Ассалаумағалейкум! – деп кіре бергенде, жіпке сүрініп, ортаға топ ете түсіпті.
Ерден ештеңе дей алмай булығып отырып қалыпты. Бәтеш жайымен орнынан тұрып,
үстін қағып болған соң:
– Батырдың батыр екенін қайдан білесің,
Найза алып жауға шаппаса?
Бидің би екенін қайдан білесің,
Саралап билік айтпаса?
Байдың бай екенін қайдан білесің,
Оқалап үйін жаппаса?
Бәйбішенің бәйбіше екенін қайдан білесің,
Жиынға саба артпаса?
Жігіттің жігіт екенін қайдан білесің,
Қыздардың көңілін таппаса?
Қыздардың қыз екенін қайдан білесің,
Шытыра моншақ тақпаса?
Мынау Ерденнің ақ ордасы екенін қайдан білесің,
Біреу сүрініп, біреу жығылып жатпаса, – деген екен. Ерден Бәтештің сөзіне риза болып,
ат-шапан сыйлап қайтарыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет