АУЗЫ ҚИСЫҚ БОЛСА ДА, БАЙДЫҢ ҰЛЫ СӨЙЛЕСІН Бөлтіріктің баласы ел ішінің ісіне жаңадан араласа бастаған шағы екен. Бір жиын үстінде
қызу әңгіме-дүкен болады. Кісілер сұлу сөйлеп, тапқыр сөйлеп, алға озғысы келіп сөз жары-
стырып отырады. Жиналғандардың ішінде бір байдың мырзасы да бар екен. Өзі малға бай
болғанымен, сөзге кедей екен, мінезі де жайсыз болса керек. Сол реті келген жерде де, реті
келмеген жерде де сөзге жармасып, елдің алдын орай береді. Сөздің мәні кеткен соң, Бөлтірік-
тің баласы, өз сөзі кезегінде:
– Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін, – деп өзінің сөзге қатысқысы жоқ екенін
самарқау білдіреді. Содан ары жұрттың әңгімесі жараспайды. Бай баласының аузы шынында
да аздап қисық екен. Әлгі сөзге намыстанып, ашу шақырады. Жиынның шырқы бұзылады.
Болған жай Бөлтірікке жетеді. Баласының бір ауыз сөзі біреудің жиынының шырқын
бұзуға себепші болғанына қатты қапа болады. Бөлтірік баласын оңаша шақырып алып:
– Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзіңді
тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Не сөйлей-
тініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл.
Қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа
болады, – деп ақыл беріпті.
Көбінесе бұл мақалды «Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» деп аздап өзгер- тіп қолданады. Мағынасыз әңгіме-сөздерімен сөзге кезек бермей қойған немесе мылжың- дап кеткен есірік кісілерді (әкім-қаралар мен байларды) осы мақалмен тұқыртып, тоқтам жасайды.