185
Осы аталғандардың ішінде тұрақты тіркестерде көпмағыналылықтың
пайда болуына тілдің ішкі, сыртқы себептері басты фактор екендігін
естен шығармау керек.
Фразеологизмдердің өзі көбінесе метафораланудың нəтижесінде ер-
кін сөз тіркесінің ауыспалы мағынада қолдануынан жасалатыны бел-
гілі. Олай болса, фразеологизмнің жаңа мағынасы сол бұрын жасалған
еркін сөз тіркесінің параллель дамуы арқылы пайда болады. Демек бір
фразеологимзнің əр түрлі мағынасы оның алғашқы жəне соңғы ауыс
мағынасының ара қатысына тəуелі емес. Оның əрқайсысы сол өзі пайда
болған бұрынғы тура тіркес мағынасына ұмтылады.
Сондай-ақ, көпмағыналы фразеологизмдердің мағыналары бір-бірі-
мен үнемі тура, ауыспалы, негізі жəне туынды қатыста болады деген
пікірлер үстем. (Н.Шанский).
Егер көпмағыналы сөздердің даму процесі мəнмəтінге (контек-
ске) тəуелділігі аз болып келсе, ал бір мағыналы фразеологизмнің
өзі мəнмəтінде шектеулі
боп келетінін ескерсек, онда көпмағыналы
фразеологизмнің мағынасын контексте аналитикалық тəсілмен
жұмсалуын бақылауға болады. Мұның өзі көп мағыналы фразеологизмнің
контексте оның дамуына кəдімгідей əсер етеді., яғни шектейді.
Көпмағыналы фразеологимздердің мағыналық дамуына олардың
семантикалық құрылысы көп əсер етеді. Егер фразеологизм семаниткалық
жағынан
бөлінбей, компонент құрамына мағына тəуелді болмаған
жағдайда, олардың арасында көп мағыналық пайда бола бермейді.
Мəселен, идиом тұрғысындағы фразеологизмдерде мүлдем кездеспей-
ді. Компоненттер арасындағы семантикалық байланыстың сақталуы
полисемияның дамуына əсер етеді. Бұл, əсіресе, фразеологиялық бір-
ліктер арасында көп байқалады.
Фразеологизмдердегі көпмағыналық
туралы пікірлерді жинақтай
келе, бір фразеологизмнің көп мағыналығын айқындау үшін мына бел-
гілер ұсынылады:
♦ Фразеологиялық бірліктер құрамындағы компоненттердің
семантикалық еркіндік дəрежесі сақталады.
♦ Əр мағынаның түрлі мазмұнда жұмсалуы үшін бір ойдың түрлі зат,
құбылыспен ортақ байланысы болуы керек.
♦ Егер компоненттер арасындағы байланыс əлсіреп, мағыналары
мүлдем алыс,
мағыналық байланыс болмаса, онда көпмағыналылық
емес, омоним фразеологизмдер пайда болады.
186
♦ Полисемиялы фразеологизмдер əр түрлі сөз табынан болады жəне
əр түрлі синтаксистік қызметте жұмсалады.
♦ Мағынаның жұмсалуында фразеологизмдер біркелкі грамматикалық
байланыста болмайды.
♦ Фразеологизмдердің түрлі мағынада жұмсалуына интонацияның
да əсері бар. Мысалы:
Соған байланысты, І.Кеңесбаев көпмағыналылықтың екі түрлі жасалу
жолы бар деп көрсетеді: жалғаса жəне жарыса туатын мағына.
Фразеологиялық полисемияның мағыналық құрылымы екі сатыдан
тұрады. Бірі – фразеологизмнің
Достарыңызбен бөлісу: