Қабылдаған: Өмірбаева А.
Дайындаған: Валиев Р.Т.
Тобы: ЖМ-908
Түркістан 2022ж
Ситуациялық есеп Науқас 49 жаста, ер адам. Жеңіл суықтап қалғаннан кейін бас ауруы, бүкіл денеде ісінулер байқалған. Біраз кун зәр бөлінбей қиналған, одан кейін ісінулер біршама азайды: жағдайы шамалы жақсарған. Өздігінен зәр айдағыш препараттармен емделген, ем нәтижесіз болған. Анамнезінде вирусты В гепатитпен ауырған. Денесінде ісік қайтпай қойған соң клиникаға көрінуге келген.
Обьективті қарағанда: Терісі бозғылт,құрғақ, эластикалық қасиетінен айырылған. Беті ісіңкі. Анасарка деңгейінде ісіну бар. Тыныс алу және қанайналым жүйесінен тексеру барысында өзгерістер анықталмады. АҚ- 135/80 мм.сын бб. Іш қуысында асцит. Бауыр қабырға доғасында пальпацияланады.
Лабораториялық зерттеу: ЖЗА: белок- 4г/л , лейк- 8-10 к.а, эритроцит- 30-40 к/а, гиал.цилиндр- 25 к.а , тәу.протейнурия- 4,6 г,
БҚА: жалпы белок 57,6г/л, креатинин 0,058 ммол.л, мочевина- 3,38 ммоль/л.
Бүйрек биопсиясы: шумақшалар үлкейген, базальды мембрана қалыңдаған. Базальды мембрана үстінде депозиттер бар. Проксимальды өзекшелердің қуысы кеңейген, эпителий ісінген, түйіршікті дистрофия анықталады.
№1.Диагнозды анықта.
№2. Синдромдарды жазыңыз.
№3. Диагностикалауды қажет ететін зерттеу әдістері.
№4. Емі.