64
Толық, етжеңді əйел адамның сырт кейпі дағдылы көріністермен,
фразеологиялық
суреті осылай танылып, қалыптасады.
Адамның затқа, əрекетке, қалыптасқан танымымен көзі жеткен
шындық болмысқа қалай жəне қандай жағдайда назары түсуі мүмкін.
Демек, сондай жағдаяттардың санада тұрақталып қалуына байланыс-
ты «назары түскен» лингвомəдени көрініс жеке фразеологизм ретінде
немесе оның варианттары, синонимдері, фразеосеманиткалық топтары
арқылы тілде көрініс табады.
Егер көруші, қабылдаушы, естушінің назары əлдебір фрейм туралы
түсінігі бір-бірімен өте тығыз байланыста болса онда фразеологиздердің
варианттарымен жүзеге асырылады. «Жылау» фреймінің жанама-туын-
ды вербалдануы:
көздің /көзінің/ жасын көл қылу/ көздің /көзінің/ жасын
бұлау/ағызу/көз жасы көл болу/ көздің жасын көлдету;
Фреймдегі түсінік өте тығыз байланыста болмай, жеке қабылдау
көріністерімен ерекшеленсе, онда мағыналас фразеологизмдермен вер-
балданады.
Мысалы:
ЖƏРДЕМ БЕРУ, КӨМЕКТЕСУ –
• Ат
салысу
• Ат сауырын беру
• Жанын тындыру
• Жылу жинап беру
• Қанатымен су себу
•
Қол ұшын беру
• Себін тигізу
• Шапағаты тию
Қабылдаушының фрейм түсінігіне қатысты назары бір-бірімен
мағыналық жағынан пəлендей байланысы жоқ, əр түрлі тіркестермен
беріледі, бірақ бір фразеосемантикалық топтан көрінеді. Мысалы,
«сыйлау» фреймінде қонаққа шақыру да бар, сыйлау құрметтеу де бар.
Барлығын бір фразеосемантикалық топқа біріктіргенде:
• Дəм – ауыз тигізу
• Есік /төр/
көрсету
• Сыбаға тарту
• Сый – сияпат көрсету
65
ҚҰРМЕТТЕУ, СЫЙЛАУ
–
• Алдынан қия өтпеу
• Асты – үстіне түсу*
(қызмет көртсету)
• Бəйек болу*
(қызмет көртсету)
•
Қадыр тұту
• Қошемет көрсету
Қазақ фразеологизмдерінде «сыйлау, құрметтеу» фреймдері осындай
менталдық бірліктермен бір семантикалық топта сақталған.
Ал адресат назары фреймдердің қарама-қарсы жақтарына шоғырланса,
онда жанама-туынды аталымдар қарсы мəнді фразеологизмдерді жасай-
ды. Мысалы:
• Ауырдың
Достарыңызбен бөлісу: