БУЫНЫНА ТҮСУ – көңілі жайлану, елжіреу, тоқмейіл болу
деген мағынада.
- Мен бұрын жаумен алысып, сүйегіме қарысып, сыр бермей жүреді
екенмін. Жасым жетті ме, əлде жеңіс қуанышы
буыныма түсіп кет- ті ме , шаршап-шалдыққанымды енді біліп отырамынн, – деді Төле
би. – Келер жылы хан кеңесіне бара алам ба, жоқ па бір алла біледі.
– Абылайға менен дұғай-дұғай сəлем айтыңдар. Биылғы жеңістің ізін
суытпасын. (Қ.Жұмаділов).
Қазіргі қазақ тілінде
«қалта» – аялық білімге ие болған лексема.
Əсіресе кейінгі тілдік қолданыстарда əрі жиілігімен, əрі көп қырлы кон-
нотациясымен ерекшеленеді.
ҚАЛТАҒА БАСУ – пайда қылу
• Жері бай ел болсаң да даласы тоқ,
Қалтаңа басқан пұлдың бағасы жоқ.
Шенділер шетелдерде емделеді.
Ауылда дəрі алатын шамасы жоқ.
(Аманжол-Жібек айтысынан. «ҚƏ» 23.ХІІ.97).
ҚАЛТАСЫ ҚАЛЫҢ – ақшасы, дүние-мүлкі көп, бай адам
63
• Ал, қалтасы қалыңдар… жүр ғой талтаңдап. Жемқорлар, парақорлар…
(Ш.Мұртаза. «ЕҚ» 26.ХІІ.97. Адам құны).