үстімен , жеңілдің астымен жүру; • Аузынан ақ ит кіріп , қара ит шығу ; • Дұшпанның отын сөндіру , достың атын жандыру ; • Күле кіріп , күңірене шығу ; • Жақсысын асырды , жаманын жасырды ; • Ыстығына күйіп , суығына тоңу . Фреймдердің сан түрлілігі дағдылы (стеоретипті) жағдаяттардың
құрылымдары ретінде танылады. Иерархиялы түрде орналасқан күр-
делі фреймдерде нақтылы ақпараттар жинақталады. Өз кезегінде бұл
ақпараттық мағыналық бөліктер (слот) арқылы анықталады. Мысалы,
жыртысын жырту фразеологизмінің арғы семасы «көмектесу» концеп-
тісінде жатыр. Бұл тіркестің мағынасын талдау үшін бірнеше ақпараттық
мағыналық бөліктер жігін ажырату керек.
Бірінші ақпараттық мағыналық бөлік. Қазақтың мəдени дəстүрінде
той-томалақ, өлім-жітімде (əдетте о дүниелік болған адам жасы үлкен,
сыйлы, аузы дуалы) қатысқан ел-жұртқа қымбат, бағалы маталарды
көлемді етіп жыртыс таратады. Бұл той салтанатының бір белгісі ретін-
дегі сый-сияпаты. Ал өлім-жітімде тəбəрік етіп, ырымдап, жасын берсін,
жолын берсін деп береді.