Əйелдің жақсысы – ақылшың.
Қазақ салтында əйелдің сан алу-
ан абзал қасиеттерінің біріне оның еріне кеңес беріп, ақылын айтып оты-
руын жатқызады; қазақ сахарасында дүйім елді аузына қаратып, өзінің
елден ерекше ақыл парасатымен құрметке бөленген аналар аз болмаған.
Сондай ақыл парасаттың кені болған əйелдер əрқашан да еркектің басы-
на қиын-қыстау күн түскенде жанынан табылып, оған ақыл айтып, күш,
рух беріп отырған. (Ə.Қайдар. Халық даналығы. Алматы, 2004.)
Қазір моральға міндеттейтін болашақ жар, əйел, ана дейтін сөздермен
қыз балалардың лингвистикалық интуицияларын өте керемет деп айтуға
болмайды. Олардың бойында бұл ұғымдар туралы имплициттік білім
көрінісі бəсеңдеп барады. Қазақта: «Əйелі азған елдің болашағы жоқ»
деген қатаң ескерту бар.
Қазақ əйелінің ойлау қабілеті, зейін-зерде ерекшелігі, парасат-пайым
деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б.
фразеологизмдер суреттейтін тілдік көрінісі этностың ерекше этноцентр-
лік концептілерін құрайды. Болашақта «Қазақ əйелі» макроконцептісінің
қазіргі заманға сай «іскер əйел» т.б. микроконцептілеріне, имиджіне,
кəсіби-интеллектуалдық өрісіне дəйектелген динамикалық жүйесін
қазіргі қазақ қоғамының рухани-əлеуметтік үрдісімен салыстыра
қарастыруды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |