Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министрлігі


ОB 3302 ӨНДІРІСТІК БИОТЕХНОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет133/290
Дата08.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#117284
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   290
Байланысты:
5В070100-Биотехнология (1)

ОB 3302
ӨНДІРІСТІК БИОТЕХНОЛОГИЯ
Көлемі 2 кредит 
Авторлар: 
Кистаубаева А. С. - биология ғылымдарының кандидаты, биотехнология 
кафедрасының доценті
Акмуханова Н. Р. - биология ғылымдарының кандидаты, биотехнология 
кафедрасының доценті
 
Пікір жазғандар: 
Тулемисова Ж.К. - биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ 
Ұлттық аграрлық университетінің биологиялық қауіпсіздік кафедрасының 
меңгерушісі 
Шулембаева К.К. - биология ғылымдарының докторы, профессор, әл- 
Фараби атындағы ҚазҰУ генетика және молекулалық биология кафедрасының 
профессоры 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Өндірістік биотехнология» пәні дақылдау принциптерінің заманауи 
әдістері мен теориялық материалдарын және биологиялық объектілерді 
қолдану, өндірісте биологиялық активті заттар мен биомасса алудың теориялық 
негіздерін жүйелейді. Бұл бағдарламаның негізін заманауи өндірістік 
биотехнологияның бөлімдерін қамтитын ғылым салалары құрайды.
Курста тірі немесе инактивтендірілген микроорганизмдер биомассасын
микробтық синтез өнімдерін пайдалануға негізделген процесстер мен оның 
ерекшеліктері қарастырылады.
Курстың арнайы бөлімінде өндірістік дайындық сатысы, ферментацияны 
өткізу, бөліп алу және мақсатты өнімдерді тазалаудың инженерлік 
рәсімделуінің ғылыми негіздері қарастырылады. 
Биотехнологияны халық шаруашылығының түрлі салаларында қолдану 
қарастырылып, микробтық процестердің типтік сызбанұсқалары келтірілген.
Ұсынылып отырған оқу бағдарламасын игеру нәтижесінде білімгерлер 
түрлі биотехнологиялық өндіріс жинақталған болашақ кәсіптік мамандығында 
процесстер мен аппараттар жайлы білімдерін қолдана алады.
Негізделген 
пәндер: 
«Биохимия», 
«Биотехнология 
объектілері», 
«Генетика», «Тағам биотехнологиясы». 
Оқытылатын пәнді меңгеру үшін қажетті пәндер: «Физиология негіздері», 
«Биотехнология негіздері». 
Курсты оқу нәтижесінде білімгерлер білуі 
тиіс:
- өндірістік биотехнологиялық процесстердің іске асырылуының ғылыми 
принциптерін;
- жоғары өнімді штаммдар селекциясының әдістері мен тәсілдері;


74 
- өндірістік технология процесстерінің типтік сызбаларының негізгі 
элементтерін;
- биотехнологиялық өндірістің жекелеген технологиялық сызбаларын;
- өндірістік штаммдар мен микроорганизмге қойылатын талаптар;
- микробиологиялық өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері мен 
тәсілдері.
Бакалавр білімгерлері 
істей алуы қажет:
- биотехнологиялық өндірістің жалпы немсе жекелеген сатыларының 
сызбанұсқасын әзірлеу;
- микроорганизмдердің жоғары өнімді штаммдарын алу;
- түрлі продуценттерді өсірудің әдістерін практикада қолдану;
- соңғы өнімді алу процессін қадағалау;
- өндірістік айналымда инновацияларды патенттеу.
Микроорганизмдер туралы алған білімдерін әртүрлі микробиологиялық 
өндірістерде: азықтық және тағамдық ақуыз, иммунобиологиялық препараттар, 
органикалық қышқылдар, спирттер, биологиялық белсенді қосылыстар және 
биотехнологиялық 
энергетика 
саласында 
өзінің 
кәсіби 
қызметінде 
пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   290




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет