Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет90/290
Дата08.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#117284
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   290
Байланысты:
5В070100-Биотехнология (1)

 
 
Микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар биотехнология 
нысаналары ретінде 
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысаналар. Бионысаналар 
функциялары. Биотехнологияда қолданылатын нысаналар мен биологиялық 
жүйелерге қойылатын негізгі талаптар. Биоэтика мәселелері мен қауіптер. 
Микроорганизмдер мен олардың метаболизм өнімдері биотехнологиялық 
объекті ретінде. Олардың жалпы сипаттамасы және қолдану сфералары 
(тағамдық және химиялық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, медицина, 
энергетика, қоршаған ортаны қорғау). Вирустар мен приондар . Бактериялар, 
алуантүрлілігі және оларды биотехнологияда қолдану. Фототрофты 
микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы. Микромицеттер. 
Өндірістік штамдарға қойылатын талаптар. Штамдар технологиялылығы. 
Өндірістік культураларды сақтау тәсілдері. Өнеркәсіптік штамдардың 
қауіпсіздігін бағалау. 
Жоғары және төмен сатылы өсімдіктер биотехнология нысанасыретінде. 
Балдырлар, олардың құрылысы мен көбею ерекшеліктері. Диатомды, қоңыр, 
жасыл, қызыл балдырлар. Қыналар. Саңырауқұлақтар, систематикалық 
орналасуы, биотехнологиялық маңызы.Су өсімдіктерін (азола, анабена, 
ряскалылар) 
in vitro 
жағдайдағы культуралардағы морфогенетикалық, 


50 
физиологиялық және биохимиялық үдерістерді зерттеулерге арналған үлгілік 
жүйелер ретінде. Дәрілік өсімдіктерді фармакологиялық және медициналық 
препараттарды алуға қолдану. 
Топтасудың әртүрлі деңгейлеріндегі жануарлар биотехнологиясының 
нысаналары: 
бунақденелілер 
(дрозофила), 
тікентерілер 
(су 
кірпісі), 
қосмекенділер (бақа), сүтқоректілер (тышқан, қоян, хомяк, адам). 
Систематикалық 
орны, 
таралуы, 
сақтау 
талаптары 
және 
зертханажағдайларында өсіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   290




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет