Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет169/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

Жасушалық селекция
(лат. selectio – таңдау, сұрыптау, ағ. cell selection) –
сұрыптаушы қоректік ортаны қолданып мутант жасушалар мен сомаклондық
варианттарын бөліп алу əдісі.
Жатыр
– жатыр мойны, денесі, оң жəне сол түтікшелерінен құрылған шарана
дамитын мүше.
Жəй (қарапайым) ақуыздар
– протеиндер, молекулалары тек амин
қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.
Жеке жасушаларды өсіру –
жеке жасушаларды сирек отырғызып қоректік
ортада өсіру; ол үшін өте құнарлы қоректік ортаны, «бағушы» немесе «қоректік
қабатты» қолдану керек.
Жоғары дисперсиялық жасушалар суспензиясы
– сұйық қоректік ортадағы
жасушалардың жекелену дəрежесі жоғары суспензия ( бір топта 50 жасушаға дейін)
жəне морфологиясы біркелкі жасушалар (мөлшері оташа, цитоплазмасы тығыз).
Жыныстық қозу
– қан құрамындағы жыныс гормондарының артуы
(эстроген, андроген, т.б) əсерінен малдардың жыныстық белсенділігінің көрініс
беруі.
Жыныстық цикл
– аналық безінің функционалды белсенділіктерінің
ритмикалық алмасуы салдарынан болатын, ағзадағы гормоналды тепе-теңдіктің
өзгеруі.


257


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет