Изогендік желі (линия)
(гр. isos – бірдей, тең, ұқсас, genos – шығу тегі, туыс)
– гомозиготалық организмдерден тұратын топ.
Иммобильденген
жасушалар
(лат. immobilis – жылжымайтын,
қозғалмайтын, ағ. immobilbsed cells) – табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі
қабатына бекіген немесе полимерлік гельдер құрамына енгізілген, қозғаласы
шектелген, осы ортада өсетін жасушалар.
Иммуноферментік талдау
(лат. immunitas – құтылу, босану, ағ. enzyme
immunoassay) – «антиген-антидене» комплексінің ферменттік активтігін анықтауға
негізделген иммунодиагностикалық əдіс; сезімталдығы өте жоғары.
Индукциялау
(лат. induction – қозу, ағ. induction) – сыртқы орта факторлары
немесе өсімдіктің бір бөлігінің екінші бөлігіне əсер етіп, өсімдіктің даму жолын
белгілеу. Олар индукторлар, мысалы: гормондар, сыртқы ортаның түрлі
факторлары, кейбір метаболиттер. Индуктор организмнің, мүшенің даму жолын бір
жүйеге келтіреді, себебі сол жүйенің ғана индукторлық əсерін қабылдауға
мүмкіндігі бар.
Инокулюм
(лат. inoculation – егу, ағ. inoculum) - жаңадан дайындалған
қоректік ортаға көшіріп отырғызу үшін қолданылатын суспензияның азғантай
бөлігі.
Интегумент
(лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – дəнді өсімдіктердің
тұқым бүршігінің қабықша ұлпасы.
Интрон
(лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – ДНҚ молекуласында
мағыналы кодтардың араларында кездесетін мағынасыз нуклеотид тізбектері;
процессинг нəтижесінде рестриктаза ферментінің əсерімен интрон үзіліп түсіп
қалып отырады да, қалған мағыналы тізбектерден пісіп жетілген информациялық
РНҚ түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |