Кері мутация (реверсия)
(лат. reversio - қайту, қайтып келу) – организмнің
мутант күйінен, бірнеше мутациялардан кейін, «жабайы» (қалыпты) фенотипке
қайта келуі.
Кері транскрипция
– РНҚ молекуласында комплементарлыққа сəйкес ДНҚ
молекуласының синтезденуі.
Кетгут
– операциядан кейінгі жараны тігуге арналған, ұсақ малдың
ішектерінен жасалынуы себепті, ағзамен біте қайнасып кете алатын хирургиялық
жіп.
Клон
(гр. clon – ұрпақ, бұтақ, ағ. clone) – қоректік ортада жалғыз бір
жасушадан көбейген жасушалар тобы.
Клондау
(ағ. cloning) – құрамында трансформация жолымен енгізілген ДНҚ-ы
молекуласы бар, бактериялық жасушаларды агарға сеуіп, ДНҚ молекулалары
қоспасын бөлу. Бір бактериялық колонияны бір жасушаның ұрпағы деп түсіну
керек, оның барлық жасушаларының құрамында бір типті рекомбинанттық ДНҚ
молекуласы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |