ІV тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 1. Инженерлік энзимология дегеніміз не?
2. Иммобильденген ферменттер дайындау қалай жүзеге асырылады?
3. Иммобильденген ферменттер дайындауда бекітуші субстрат ретінде қандай
заттарды пайдалану тиімді?
4. Жасушаларды қандай тəсілдер арқылы иммобилдеуге болады?
5. Иммундық жүйенің негізгі атқаратын қызметі не?
6. Иммундық жүйе қандай негізгі құрамдас бөліктерден тұрады?
7. Иммундық жауап реакциясының негізгінде қандай əрекеттесулері жатады?
8. Əртүрлі инфекциялық аурулардың алдын алу үшін егілетін вакциналар ағзада
қандай əрекет тудырады?
Ағзаның иммундық жүйесінің бөгде антигендерге реакциясы қандай?
9. Антидене қалай пайда болады?
10. Иммунитет жəне иммундық жауап дегеніміз не?
11. Соматикалық рекомбинациялар қалай жүзеге асады?
12. Ағза сырттан енген жат биологиялық материалдарға қарсы қандай жолмен
күреседі?
13. Иммуноглобулиндер дегеніміз не? Спецификалық иммуноглобулиндер қалай
дайындалады?
14. Моноклональды антидене дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
15. Моноклональды антидене алудың маңызы қандай?
16.Лимфоидты клондар дегеніміз не жəне ол қалай əрекет етеді?
17. Гибридома дегеніміз не жəне оның негізгі ерекшеліктері қандай?
18.Иммундық сарысуы не үшін қажет жəне оны қалай дайындайды?
19. Иммундық сарысуын қолданудың қандай артықшылықтары бар?
20. Наноденелерінің қолданылу мүмкіндігі жөнінде материалдар жинақтаңыздар.
21. Антидене кітапханасы деп не айтылады?
22. Антидене кітапханасын жасақтаудың маңызы қандай?