Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда



Pdf көрінісі
бет86/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

3. Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда
пайдаланудың маңызы
Өсімдіктер биотехнологиясы саласындағы ғалымдардың жұмыстары, өнімнің
шығымдылығын жəне оның қоректік құндылығын арттыруға, қолайсыз табиғи
жағдайларға жəне əртүрлі фитопатогенді микроорганизмдер мен зиянкестердің
əсеріне төзімділігін жоғарылатуға, сонымен қатар, мəдени өсімдіктердің əр түрлілігі
мен генетикалық ресурстарын сақтау мəселелеріне бағытталған. Мəдени
өсімдіктердің түрлерін жəне сұрыптарын көбейтудегі жаңа жетістіктер, өсімдік
жасушаларын дақылдау əдістерін жетілдірумен байланысты болып келеді.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жаңа астық дақылдарының жоғары
өнімді сұрыптарын шығару бағытында селекциялық жұмыстар жүргізіле бастады.
Олардың нəтижесінде бидайдың (Мексикада), күріштің (Филиппинде), ақ жүгерінің
(сорго), сұлының, жүгерінің жəне т.б. астық тұқымдастарының жаңа сұрып түрлері
пайда болды. Бұл жаңа сұрыптарды жергілікті желілермен шағылыстыру, өнімділігі
жоғары жəне табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді өсімдіктер алуға
мүмкіншілік туғызды. Қазіргі зерттеулер зиянкестер мен əртүрлі ауруларға,
құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді сұрыптау мен дақылдауға бағытталып отыр.
Бұл шағылыстыру əдістеріне негізделіп қана қоймай, сонымен қатар өсімдіктердің
биологиялық əртүрлілігін қамтамасыз ететін молекулалық жəне жасушалық
механизмдерге бағытталған əсер арқылы, мəдени өсімдіктердің жаңа сұрыптарын
алуды көздейтін, гендік инженерия əдістеріне жəне жасушалардың, протопластар
мен ұлпалардың дақылдарын пайдаланатын жаңа технологияларға сүйенеді. Өсімдік
объектісіне бейімделген, рекомбинантты ДНҚ технологиясы түр аралық
шағылыстыруда кезедесетін кедергілерге қарсы тұруға жəне ауруға шалдыққан
өсімдік ұлпаларындағы вирустарды анықтауға мүмкіндік беруі себепті, нəтижесінде
вирустардан сау екпе материалдарды пайдалану арқылы, сапалы жəне құнды өнім
алуға қол жеткізіледі.
Осындай мəдени өсімдіктердің сұрыптарын жақсарту мақсатындағы қазіргі
кезде көп қолданылатын өсімдік жасушасын дақылдау əдістері қатарында, ұлпалық
жəне жасушалық дақылдарды пайдалану жəне протопластарды біріктіруді айтуға
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет