Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет88/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

3.2 Протопластарды біріктіру
Жасушаларды дақылдау əдісін жетілдіру жəне жекеленген протопластарды
алу мен дақылдау, өсімдіктердің соматикалық жаушаларына микроорганизмдерге
қолданылатын жұмыс істеудің реті (принциптері) мен ережелерін қолдану
мүмкіндігін ашты. Бұл əдіс өсімдіктердің денелік (сомалық) жасушалары немесе
протопластарының популяциясын, бүтін өсімдік беруге қабілетті жеке организм
суспензиясы деп қарастыруға мүмкіндік береді.
Жекеленген протопластар
дегеніміз – жасуша қабықшасынан айырылған
денелік (сомалық) жасушалар. 1970 жылы өсімдіктің денелік жасушалар өнімдерінің
(парасексуальды) гибридизациясына негізделген протопластарды біріктіру əдісі
пайда болды. Бұл əдістің мəні жыныс жасушаларын (гамета) емес, денелік яғни
соматикалық (soma – дене) жасушаларын гибридизациялауға негізделеді. Мұндай
жолмен алынған гибридті ұрықтан гибридті өсімдік дамиды. Парасексуальды
гибридизация əдісімен əртүрлі түр аралық жəне түр ішіндік, туыс, тұқым аралық
(тек жасушалық деңгейде) гибридтер алуға болады, бірақ бұл күрделі қондырғылар
мен арнайы жағдайларды қажет етеді. Сонда да, қазіргі кезде əртүрлі өсімдіктерге
қолданбалы денелік (соматикалық) гибридизация əдісімен гибридтерді алудың
технологиясы дайындалуда. Қазіргі кезде жертүйнектің жəне темекінің түр аралық
парасексуальды гибридтері, яғни жаңа өсімдіктердің партиясы құрылуда.
Протопластарды біріктіру арқылы жаңа гибридті өсімдік түрін алу, өсімдік
шаруашылығындағы селекциялық жұмыстарының жаңа, жоғары технологиялық
деңгейі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет