Бұлай болса, тең ортасы – керегің,
Тілге ұстамды болсаң, ӛсер беделің!
Біліп сӛйле, сӛзіңде сӛл, ӛң болсын,
Сӛзің түпсіз қараңғыға кӛз болсын!
Біліксіздер – надан, кӛзі байлаған,
Білімдіден ӛнеге ал, ей надан!
Туған ӛлер, кӛрсең қалар белгісіз,
Сӛзіңді ізгі сӛйле, ӛлсең де ӛлгісіз!
Қос нәрсені шалмас қарттық құрығы:
Бірі ізгі сӛз, бірі ізгі құлығы!
Туған адам ӛліп сӛзі қалады,
Ӛзі кетіп, ізгі аты қалады!
Қалар мұра – сӛз, кісіден кісіге,
Сӛзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе.
Кісілерге мирас ата сӛзі ғой,
Ата сӛзі – ұқсаң – құттың кӛзі ғой.
Достарыңызбен бөлісу: