Кісілік туралы
Әділдік – құт. Құт құрығы – кішілік.
Әділдіктің заты – тұнған кісілік.
Кісілер кӛп, кісілікке кендеміз,
Адалы – аз адам атты пендеміз.
Мұны меңзеп айтақан шайыр сӛздерін,
Енді саған жеткізуді кӛздедім:
«Толып жатыр жүрген жандар жер басып,
Кӛңілі ашық, әділ ерге – ел ғашық.
Кісі сирек емес, сирек – кісілік,
Кісіліктің қадірін біл, түсініп!»
Не дегенін, тыңда ізгі ер кісі,
Кісілік қой шын кісілік белгісі:
«Кісілікпен ей, мәрт ерім, ұлы бол,
Кісілікке түсер содан ұлы жол!
Адамшылық жаса адамға адам бол,
Адам атын мақтаныш қып алар бол!»
Кісі ізгісі – қайырымды кең кісі,
Ел сарасы, кісіліктің белгісі.
Мейірімді, кісілікті кісінің,
Ей, ақ кӛңіл, ұққын сӛзін түсініп:
«Кімнің асын ішсең – соның ісін біл,
Мейірімі ӛсер, асың да адал – түсінгін!
Тұз-дәм хақын бағып, ӛтеп адалдар,
Басың берер – асын берген адамға!»
Кісілікті ұят сақтап қалады,
Ұяты бар кісі – адамның адалы.
Ұяты бар ерге ісіңді сеніп бер,
Намыс кӛрер адасуды желікпен.
Әсілі оңды кісі ізгілік жасар да,
Мәңгілікке аты қалар жаһанда.
Араб сӛзі жақсы айтыпты саралап,
Білу жӛнін кісі әсілін бағалап:
«Кісі әсілін танытады қылығы:
Ісі қандай – сондай тіні, құлығы.
Құлқы ізгінің қылығы да әдемі,
Оңбағандық – оңбас құлық әлегі!»
Тыңда сӛзді ақылды ер таратқан,
Адалдықпен елді аузыңа қаратқан:
«Кішілікпен ұқсаң кісі бағасын,
Ізгі кісі – кісі ішінде данасың!
Кісілікке кісілікпен бер жауап,
Сол үшін де, кісі атанып қаласың!»
|