Шайыр сӛзін есті мұны меңзеген,
Білікті сӛз – білімсізге кӛз берер:
«бақ қонса адам, кӛңілі судай сарқырар,
Жаңа айдай толысар да, жарқырар.
Құт бір күндік, алды жар да, арты – бал,
Толар дәулет, толған айдай сарқылар!»
Бұл жӛнінде сыр ашайын және бір,
Естіп ұғып, шын ниетпен сене біл!
Орын сайлап, жантаймас Ай жайланып,
Мекен-жайсыз жүрер сырғып айланып.
Саратанмен жанып, бірге ӛшеді,
Ол кӛшпелі, бұл да бірге кӛшеді.
Қай үйге енсін, тәрк қып шыға береді,
Кіріп-шығып, шығып-кіріп желеді.
Мен де айдай айнымаймын, білемін,
Бірде - ӛрде, бірде – ылдида жүремін.
Келіп-кетіп шарқ ұрамын, жатпаймын,
Кең жаһанды кезсем де орын таппаймын.
Затыма сай «Айтолды» деп атаған,
Білімдінің айтқаны аумас батадан.
Міне, мен – құт, аян мінез, тегім де,
Айттым, түгел, кеселімнің емін де.
Достарыңызбен бөлісу: