Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет45/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
27 (1)

 
Ізгілік туралы 
Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды
Жомарт жандар құнын тілеп жатпайды. 
Қайрымды жан қайырым етпес есеппен, 
Есе күтсең – ұрғаңмен тең кесекпен!.. 
Бірі - анадан ізгі болып туғандар
Сүтпен сіңіп сай-сүйегін буғандар. 
Енді, бірі - ӛткінші ісі, тұрағы, 
Ессізге ерсе, ессіз болып шығады. 
Жақсыға ерсе, жақсы бола бастайды, 
Жауызға ерсе, жауыздықтан қашпайды. 
Ессіздер де екі түрлі болады, 
Екі басқа, екі жолдың сорабы. 
Жаман болып туған мұның бірі де, 
Ӛле-ӛлгенше арылмас ӛз кірінен. 
Тағы бірі – айнымалы болады, 
Із тастайды шықса ізгі жол сорабы. 
Тумысы ізгі, тек ізіглік тӛгеді, 
Одан халқы, тек шапағат кӛреді. 
Ізгі іс етсең – текті тірлік сүргенің, 
Жауыздығың – кӛрге тірі кіргенің. 
Ізгі жанның құлқы да ізгі, кең бейілі, 
Күйкілік пен ӛкпеге ерік бермейді. 


Бір күн үшін бүлініссе кімде-кім, 
Білсін, ӛзі ӛз жүрегін тілгенін. 
Ізгі ниет ер не дейді, тыңдағын: 
«жақсылық қыл, тиген жерге тырнағың. 
Әлің барда жақсылық қыл, жатсынбай, 
Кӛңілің ӛсер, ӛсер енсең нақ шыңдай. 
(Ей, ізгі адам, терең мәуең – бал-шырын, 
Бері келгін, ашайын мен бар сырын. 
Жақпас саған, бір күндікке алданба, 
Жақсылықпен – жақсылық күт алдан да!) 
Жауыздардың тұрса желі оңынан, 
Жан азабын тартады, анық, соңынан. 
Ізгілік – оң, Ессіздік – сол: Жүгің – ар... 
Оңың – ұжмақ, солың – тамұқ, біліп ал! 
Ессіз бүгін қанша есірер, құлшынар, 
Ертең сонша ӛкінішке тұншығар. 
Ізгі кісі қанша егіліп, қорлансын, 
Жаны жәннет табар, ізгі болғансын!»
Ақылдылық – асылы ізгі жандардың, 
Кішілікте – кісілік бар, аңғарғын... 
Бар қылығы ізгі – ізгі кісінің, 
Жан жылытар ӛзі-ақ түр мен түсінің. 
Досың ізгі болса – ер де, сене бер
Нені болсын, досқа сенген жеңеді ер! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет