Еш
себі жоқ; кештім тірлік шӛгірін,
Ақылсыз жан – сүлдер, арсыз кӛңілің!
Ақыл – жарық, басырларға кӛз болар,
Тірі ӛлікке – жан, мылқауға сӛз болар!»
Ақылдылар ақылды әркез мақтайды,
«Ең ізгі дос! Сенен ешкім артпайды!
Пейілің түзу. Бар ісің – оң, солың жоқ!
Достарыңа күйіндірер сорың жоқ!»
Ақыл-есі бар адамның белгісі:
Біліп бәрін, келер біле бергісі.
Ақыл-естің мақтамайын, мақтайын,
Түзік жолы – сағат сайын, сәт сайын!
Есті жанның тілі – шындық шұрайы,
Бар қылығы тегіс шымыр шығады.
Одан салқын сабырлылық еседі,
Жеті ӛлшеп, жалғыз рет кеседі.
Он ойланып,
толғанады әуелі,
Болжап кіріс, сонда ісің мәуелі.
Қолынан іс келсе, жас деп, күтпейді,
Жұрт арыз-мұң, аманатын жүктейді.
Енді мына сӛздерді естіп, ойлап кӛр,
Зейін қойып, тереңіне бойлап кӛр:
«Жасты да ақыл кемеліне келтірер,
Ессіз кәрі тоқсанында желпінер.
Жас ақылы – шығар сӛлі шырынның,
Ақыл
қайда болса, солай жығылған».