аты әлемге жайылды. Ӛкінішке қарай, түрлі
себептермен
кейіннен тарихи сахнадан түсіп, бұрынғы аты да, орны да
белгісіз болып қалған. Тек жергілікті тұрғындар қала
ортасындағы биік, алыстан ағарып кӛрінетін тӛбенің
атымен «Ақтӛбе» деп атап келген, – дейді танымал тарихшы
Уахит
Хамзаұлы.
Енді
«Баласағұнды
шығысты
зерттеушілер неге ұзақ іздеді?» деген сауалға келсек, оның
бірнеше себеп-салдары бар: Баласағұн туралы бұрынғы
жазба деректер кӛнерген, бұл туралы жергілікті тұрғындар
да ештеңе білмейді. Әрі осы маңайда бұзылған кӛне қалалар
кӛп болғандықтан, солардың
қайсысы Баласағұн екенін
анықтау қиын соққан. Осылайша жұмбақ қала талай
тарихшыларды табанынан тауысты. Соған қарамастан, ӛз
пікірін айтып, тарихқа жаңалық енгізбек болғандар да
кездесті. Солардың бірі – ленинградтық профессор
А.Бернштам болмашы деректерге сүйеніп, ӛткен ғасырдың
50-жылдары
Қырғызстанның
Тоқмах
қаласының
жанындағы ортағасырлық қала – Ақбешімнің орнын
«Баласағұн» деп жариялап жіберген. Алайда оның шәкірті,
профессор Л.Кызыласов мұны жоққа шығарды.
Тарихи
деректерге атүсті қарау салдарынан А.Бернштам жалған
ақпарат таратқан. Ал қырғыз ғалымдары мұны кіші
Бұранамен шатастырып жүр. Осы деректер енді түзетіліп,
Ақтӛбе ескерткіші ғана Баласағұн болатыны тың
деректермен дәлелденді.
– Баласағұн қаласының орны ӛте үлкен. Дәл осындай
кӛлемдегі шаһарлар Шу мен Талас ӛңірлерінде жоқ, – дейді
академик Уахит Шәлекенов. – Орта ғасырларда жазылған
ғылыми еңбектерде, соның ішінде М.Қашқаридің «Түрік
сӛздігі» еңбегінде де атақты қаланың осы жерде екені ашық
жазылған. Түркеш (Сарыүйсін) мемлекетінің хақаны (ханы)
Шу алдымен Шу қаласын салдырып,
оның қасына астана
ретінде
Баласағұнның
іргетасын
қалаған.Сарайының
алдында қарауындағы бектердің құрметіне сәскеде 360 рет
барабан соқтырып тұрған. Сол кездегі теңге де тарихтың бір
парағын ашты. Сонымен қатар Қашқари кӛрсеткен жер
атаулары дәл осы қала тӛңірегінен табылып, жан-жақты
зерттелді. Ал оларды қырғыз жерінен табу екіталай және
айырқалпақты ағайындардың бұған таласуына ешқандай
негіз жоқ.
Сонымен, Баласағұн қаласы ғылыми тұрғыдан дәлелденді:
Біздің қолымыздағы ғылыми деректер, жәдігерлер, құнды
заттар, бағалы суреттер ешкімнің күмәнін туғызбайды. Осы
туралы мәліметтерді алға тартатын «V – ХІІІ ғасырлардағы
Баласағұн қаласы» атты монографиялық еңбек – түркі
тілдес, оның ішінде қазақ халқының тарихына қосылған
сүбелі үлес. Баласағұн – әлем түріктеріне ортақ қала. Сол
себепті оның «Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасына
тікелей қатысы бар.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын талқылаған
кезде депутат, белгілі жазушы Шерхан Мұртаза «Ақтӛбе»
(Баласағұн) ескерткішінің ғылыми тұрғыдан құнды тарихи
орын екенін нақты деректермен дәлелдеп, оны 2003 – 2006
жылдарға арналған бағдарламаға енгізу қажеттігін айтқан
еді. Бұл тапсырма кейін аяқсыз қалғанымен, 2007 – 2009
жылдарға
арналған
бағдарламаға
кіргізілді.
Енді
Баласағұнды археологиялық жағынан зерттеудің екінші
кезеңі тезірек басталады деген үміттеміз, – дейді
тарихымызды түгендеп жүрген, кӛрнекті ғалым Уахит аға.
Ендігі мәселе алып қаланың келешегі туралы болып отыр.
Ғалымның айтуынша, тарихи
орынның бергенінен беретіні
мол. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген қала
Алматы
–
Шымкент
тас
жолының
бойында
орналасқандықтан, оны туристік орталыққа айналдырудың
пайдасы
ұшан-теңіз.
Екіншіден,
археологиялық
зерттеулерді кешенді түрде жүргізу қажет. Қазба
жұмыстары кезінде ашылған орындарды сақтау және
оларды қалпына келтіріп, ғылыми-мәдени орталыққа
айналдырған жӛн. Осы арқылы ғана Баласағұн қаласы
республикалық
маңызға
ие
болады,
халықаралық
ұйымдардың назарын аударады.
Әл – Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық
университетінің
профессоры
Уахит
Шәлекеновтің
басшылығымен ашылған
жаңалыққа қазақ қайран қалып,
кӛршілеріміз қызығатын тірлік болды. «Енді тарихи орынды
Елбасына да ұялмай кӛрсете аламыз» – деп, қуанышын
жасыра алмаған Уахит Хамзаұлының ендігі бар тілегі –
түркілердің тарихын толықтырған қаланы кӛркейту.
Жолдасбек Дуанабай
(материал http://www.aikyn.kz кӛзінен алынды).
Достарыңызбен бөлісу: