Білім, ақылдың қасиеттерін, пайдасын айтады
Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,
Білім – жарық, нұрын саған шашатын.
Ақыл қолдап, біліммен ер жетілер,
Екеуімен қадірі тартып, бекінер.
Ақылдыға қадір құрмет лайықты,
Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!
Кӛрсең бағып, мына бір сӛз жаңылтпас:
«Ақылсыз надан ӛзін-ӛзі жарытпас!»
Қарап тұрсаң, күллі сӛздің рәсімін:
Ақыл, білім ең асылы, әсілі.
Ақыл болса, асыл болар – болса ер,
Білім болса, бектік қылар – қылса ер.
Ақыл кімде болса – болар асыл ол,
Білім кімде болса – бек һәм басың ол.
Кісі ұланы қара жерге қол салды,
Кӛтерді бәрін, білімін ол қолданды.
Ақылымен кісі асыл атанар,
Бекке ел ісі білімімен жасалар.
Талай ізгі іс, атқарылды ақылмен,
Мың рахмет ақыл-еске асыл кен!
Пайдасы кӛп, аз ақылды аз деме,
Қадірі кӛп, аз білімді аз деме!
Тӛрт нәрсе бар, аз деп ұғып кейіме,
Дана айтқан сӛзді түйгін зейінге:
Бұл тӛртеудің біреуі – жау, бірі - ӛрт,
Үшіншісі, тіршіліктің торы – дерт.
Бұлардан басқа біреуі бар, ол – білім,
Осал кӛрме тӛртеуінің ешбірін.
Кӛп бұлардың пайдасы да, залалы,
Қайсысы беріп, ал қайсысы алады.
«Ақылды ерге ақылы ес-дос болар,
Наданға аты-ақ қоңыраулатып қас болар.
Біліктіге білім – күллі тон, асы,
Білімсіздің қылығы – сұм жолдасы!»
Ей, ақылды! ӛкпе-сорға шалдырма!
Сақтап атты, ашуға бой алдырма!
Ӛкпе, ашумен ешқашан іс етпегін-
Егер, олай қылсаң, жапа шеккенің!
Ӛкінерсің ренішті істе сен,
Адасарсың қызбалықпен істесең.
Ерге керек тӛзімділік күш-қайрат,
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап.
Жомарттық һәм салмақтылық қажетті,
Білімділік, ақылдылық қажетті.
Ақыл керек, білім таңдап аларға,
Білім керек, іске жақсы қарарға.
Жарамды мен жарамсызды кӛрерге,
Керектіні-керексізден бӛлерге.
Барлық іске зерек болса, парықтап,
Ала білсе ӛз керегін анықтап.
Сонда, толық болар ісің, пішінің,
Білімді асты жейді баппен пісіріп.
Мұндай кісі тілегіне жетеді,
Қос жаһанда ісі оң боп ӛтеді.
Қызбалық пен ашу жауың қордалы,
Бұл екеуді тұтқан анық сорлары.
Естігін, не деген екен дана бек,
Ей, шырайлым, ойлы сӛзді ала кет:
«Қызбалықтан абырой таппас дана да,
Ашу қысқан адамда ақыл қала ма!?
Қызбалық – сұм, ақыл-естен тандырар,
Жайсаң ерді ашу қапы қалдырар!»
Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы,
Білімді сӛз – шырын, жанның құнары:
«Біраз нәрсе кісінің қас-дұшпаны,
Білсе оларды ӛзін қинап қысқаны.
Бұның бірі – тілдің жалған айтақаны,
Бұдан басқа – айтқан сӛзден қайтқаны.
Үшіншісі – шарапқа аңсар ауғаны,
Шәксіз, текке ӛтер ӛмір қалғаны.
Тағы бірі – жүгенсіз іс-қылығың,
Сүймес ешкім, алған жанды шырығын
Енді бірі – зымияндық бықсыған,
Кісі үйін түтіндеп, тықсырар.
Және бірі: ашулы тіл – у, ашық,
ӛлтіреді шағып сӛксе, тіл ашып.
Бұлар жетсе, бір-бірімен қосылып,
Бұлар жетсе, бір-бірімен қосылып,
Одан құт, бақ безер аулақ жосылып.
Басы айналып, тағдыр оған иілмес,
Сырт айналар, айныр, қайта сүйінбес!».
Ізгі кісі, кел, ізгілік – шырайы,
Ізгілік ісі – ақылдылық шынайы.
Не дейді, ұққын, тыңдап ілім білгенді,
Сынап, ұғып қолына алған күллі елді:
«жақсы, қанша жасар, кәрі болмайды,
Жаман қанша түзегенмен оңбайды.
Жаман жасы – қысқа, ӛкініп қартаяр,
Жақсылық жасы – ұзақ, қамсыз марқаяр.
Жақсы күнде табар жаңа бір тілек,
Жаман күнде мұңмен сӛнер біртіндеп!»
Достарыңызбен бөлісу: |