1-нұсқа
2-нұсқа
3-нұсқа
Вена нұсқасы
, қазіргі
оның
табылған
орны,
немесе кӛшіріп алынған
жеріне
қарай
Герат
нұсқасы
. 1439 жылы 17
маусымда кӛшіріп біткен,
кӛшірушінің
аты-жӛні
Хасан Қара Сейіл болу
керек деген болжам бар,
араб әрпімен жазылған
жазбадан ұйғыр әрпімен
кӛшірілген. Бұл нұсқа
белгісіз
себептермен
Гераттан Тоқат қаласына
(Түркия),
сосын
1474
жылы
Стамбулдан
шығады.
1796
жылы
елшілік қызметте жүріп,
австрия ғалымы Иосиф
фон
Хаммер-Пургшаль
(1774-1856)
букинистен
сатып
алып,
оны
Венедағы
Король
кітапханасына тапсырады.
Нұсқа
ұқыпсыз
кӛшірілген,
сондықтан
онда кейбір бәйіттер жоқ.
Каир
(Мысыр)
нұсқасы,
араб
әрпімен
жазылған,
1896 жылы Каирде
Хидив
(Кедивен)
кітапханасының
директоры,
неміс
ғалымы
Б.Мориц
тапқан. Қолжазбаның
сапасы
нашар,
кӛптеген
бәйіттер
жоқ.
«Құтты
біліктің»
Каир
нұсқасының
кӛшірмесін
1898
жылы
В.В.Радлов
Петербург
Ғылым
Академиясының
Азия
музейіне
алдырған, ол қазір
Ресей
Ғылым
Академиясы
Шығыстану
институтының Санк-
Петербург
бӛлімшесінің
қолжазбалар
Наманған
(Ферғана)
нұсқасы,
ең толық,
жақсы
сақталған
қолжазба,
араб
әрпімен жазылған.
Оны 1913 жылы
Наманған
қаласынан
(Ӛзбекстан)
Мұхаммедхожа
ишан
Лоләріш
дегеннің
жеке
кітапханасынан
А.-З.Валидов
тапқан. Кейінірек,
1925 жылы ӛзбек
ғалымы
Фитрат
қайта тауып алып,
Ташкентте
ол
туралы
қысқаша
түсініктемелер
жазады.
Қазір
Наманған нұсқасы
Ӛзбекстан Ғылым
Академиясының
Шығыстану
қорында сақтаулы.
институтында
сақтаулы.
Сонымен бірге дастан түрік (Р.Р.Арат, 1947 ж.), орыс
(С.Е.Малов, 1929 ж.; Н.Н.Гребнев, 1963 ж., 1971 ж.;
С.Н.Иванов, 1983 ж.), ӛзбек (К.Кәрімов, 1972 ж.), ұйғыр (бір
топ аудармашылар, 1977) және қазақ (А.Егеубаев, 1986 ж.;
Ә.Құрышжанұлы, 2004 ж.) тілдеріне аударылған.
Қазақ философиясының білгір маманы, профессор
М.С.Орынбеков «Бұл шығармада сол кездегі қоғамның
әлеуметтік шындығы кӛрініс тапқан. Сондықтан да нақты
философиясы кӛзге ұрып тұр» [11.Б.132] десе, кӛрнекті
философ А.Х.Қасымжанов ««Құтты білік» тек қана саяси
трактат емес, ол сол ғасырдағы әртүрлі ғылым мен
мемлекет салаларындағы дамуды да кӛрсетті. Бұл еңбек
автордың ӛмірді кӛрсетудегі философиялық пайымдауының
тереңдігін, адам құқының сол замандағы дамуын кӛрсетеді»
- деген тұжырым жасай отырып, дастанның философиялық
астарына үлкен мән береді [12.Б.34]. Татар ғалымы
Р.М.Амирханов «Орта ғасырдағы (ХІІІ-ХVІ ғғ.) түрік-татар
философиялық ойлары» бойынша қомақты зерттеу жүргізе
отырып, Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанының
философиялық тұстарын ашып кӛрсетеді: «Құтты біліктен»
біз тек әлеуметтік-этикалық ғана емес, сонымен бірге орта
ғасыр
ойшылдарына
тән
кӛптеген
философиялық
(космологиялық,
онтологиялық,
гносеологиялық)
мәселелерді де табамыз. Бұлар - Әлем, планета құрылысы
мен құрамы, ақылдың материалдық негізі болып табылатын
адам миының құрылысы, зайырлы және діни білімдер мен
сенімдердің ӛзара қатынасы, ӛмірдің, ӛлімнің және мәңгілік
тіршіліктің мәні және т.с.с. мәселелер. Ойшыл-рационалист
Ж.Баласағұнидің философиялық ойларында Ақыл, оның
табиғаты, қызметі, таным процесінің шексіздігі мен
сарқылмайтындығы туралы мәселелер ерекше орын алады.
Ақылдың, білімнің адам ӛміріндегі шешуші ролі дастанның
атауынан-ақ кӛрініп тұр. Сондықтан оның түгелдей дерлік
мазмұнының ӛн бойында ғұлама оқушыны «игіліктің
барлығы – ғылымда, ал ұлылық - танымда» деген ойға
жетелеп отырады» [13.Б.38]. Дастандағы әлем мен адамды
танып-білуідің құралдары мен тәсілдері туралы айтатын
болсақ, таным бастамасы - әділдік пен азаттыққа ұмтылу.
Әділдікке жету жолындағы талпыныс әлем заңдылықтарын
білуге жеткізетін болса, азаттыққа ұмтылу тұлғаның ӛзіндік
санасын жетілдіреді. Маңызды танымдық принцип ретінде
Жүсіп антикалық мәдениеттен келе жатқан ұғым – макро
және микро ғарыштардың бірлігін қолданады. Адам мен
әлемді бӛлетін нақтылы шекара жоқ. Ғарыштың ӛзі субъект
болып табылады. Тұлға ғарыштан ӛзінің жалғасын таба
отырып, ол сонымен қатар ӛзінен дүниені табады. Олардың
арасындағы үйлесімділікті Жүсіп дүниенің атрибутивтік
қасиеті ретінде қабылдайды [10.Б.22]. Ғұлама Әлем
құрылымын,
адамдарға
тән
іс-әрекетті
жеткізуде
космогония мен космогониялық танымды қолдана отырып,
адам ӛмірінің табиғат заңдылықтарымен біте қайнасқан
бірлігін кӛрсете алады. «Құтты білік» шығармасының ӛзі
Әлем мен дүниенің жаратылысын сипаттаудан басталатыны
осының дәлелі:
Алла атымен айттым сӛздің әлібін,
Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!
Құрметі кӛп, шүкіршілік мың да бір,
Еш зауал жоқ, хаққа лайық кіл қадір...
Жаратты ол: жасыл кӛк, ай, күн, түнді,
Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.
Тіледі де, жаратты бар болмысты,
«Бол!» - деді де, бірден бәрін болғызды
1
.
Бұл ӛлең жолдарында тәңір құдіреттілігінің бар
болмысы – айды, күнді, жерді, кӛкті жаратқандығы
баяндалып, тәңірдің сандық қатынастардан, кеңістік пен
уақыттан тыс екендігі, кӛзден жырақ, бірақ кӛңілге
жақындығы ескертіледі. Оның еш жерде тұрағы жоқ, ол
мәңгі табиғаттың барлық құбылыстары тауы, орманы, кӛлі –
бәрі құдіреттің жасампаздық әрекетінің ізі, суреті екенін
айтады [14. Б.220]. Сӛйтіп, Ж.Баласағұни адам мен әлем,
табиғат заңдылықтары арасындағы ӛзара үйлесімділік
мәселесін алға тартады. Дастанның негізгі түйіні адам, оның
жетілген тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына әкеліп
саяды. Сондықтан қазіргі кезде философтар, әдебиеттанушы
ғалымдар және педагогика саласының мамандары бұл
еңбектің қоғамда мәдени мұра ретінде алатын орнын және
тұлғаны қалыптастырудағы ролін ашып кӛрсетіп, оның
теориялық және практикалық құндылығын дәлелдеп отыр.
Мұның ӛзі Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегінің
педагогика тарихында алатын орнына шынайы баға беру
қажет
екендігіне
меңзейді.
Оның
педагогикалық
теориясының қазақ педагогика ғылымының ӛзінің зерттеу
пәні бар ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде
қалыптасуының алғашқы кӛзі болғанын теориялық-
әдіснамалық тұрғыдан негіздеу және бүгінгі ұрпақ
тәрбиесінде қолданылуының ғылыми тұжырымдамасын
жасау ең басты мақсат болып табылады.
1
Бәйіттердің барлығы Ж.Баласағұн Құтадғу біліг / Ауд.
А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986. - 616 б. кітабы
бойынша беріледі.
|